06.08.2025, 18:03
Жаңалықтар
Қазақстандық теннисші Болгарияда өткен турнирде жеңіске жетті
Ол жұптық сында өнер көрсетті
Фото: Қазақстан Теннис федерациясы
Софияда (Болгария) өткен ITF Juniors J30 сериясындағы жасөспірімдер турнирінде 16 жастағы қазақстандық Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Иван Швейцария өкілі Чарли Базилмен тандемде украиналық-болгариялық Родион Четвериков пен Самуил Пешевтен құралған жұпты тартысты финалда 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңіп шықты.
Бұл – Иванның ITF жасөспірімдер турнирлеріндегі алғашқы чемпиондық титулы. Бұған дейін ол Марокко мен Қытайда өткен ITF Juniors турнирлерінің жұптық сында финалға дейін жеткен болатын.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды