Екібастұзда қарсы жолаққа шыққан 36 жүргізуші куәлігінен айырылды
Павлодар облысында жыл басынан бері қарсы қозғалыс жолағына шыққан 253 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 36 жүргізуші – Екібастұз қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол ережесін бұзғандардың барлығы 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында тұрақты түрде алдын алу іс-шараларын жүргізіп келеді.
Мысалы, Беркімбаев көшесінде «Mercedes Benz» көлігі тоқтатылып, оның жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.
Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
Полиция департаменті барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірлеріне және өзге қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.