$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында найзағай түсіп, жылқышы мерт болды: оқиғаның видеосы жарияланды

Видео әлеуметтік желіде жарияланды

Жетісу облысында найзағай түсіп, жылқышы мерт болды: оқиғаның видеосы жарияланды
Фото: freepik.com/ЖИ арқылы жасалды

Жетісу облысында найзағай түсіп, жылқышы мерт болған оқиғаның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті тұрғын түсірген бейнежазбада далада жатқан ер адам, ерттелген екі жылқы және ит көрінеді. Оқиға күйіп кеткен жер телімінде болған.

«Жетісу облысы, Ақешкі ауылында шабандоз найзағай соққысынан қаза тапты. Оған далада телефонмен сөйлесіп тұрған сәтте найзағай түскен. Соның салдарынан өзі де, аты мен иті де мерт болды», – делінген видео сипаттамасында.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің Azattyq Rýhy агенттігіне берген пікірінде, ер адамның найзағай соққысынан көз жұму фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

«Құрметті тұрғындар, әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар! Ауа райының қолайсыз кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, ашық алаңда болмауға және өміріңізді қатерге тікпеуге шақырамыз. Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыздар!» – деп ескерту жасады Жетісу облыстық Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары