$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда Жайық өзенін жүзіп өтпек болған ер адам айыппұл арқалады

Ол Жайық өзеніне батып кете жаздады

Оралда Жайық өзенін жүзіп өтпек болған ер адам айыппұл арқалады
Фото: Видеодан скрин

Орал қаласында Жайық өзенін жүзіп өтпек болған ер адам шұғыл қызметтердің көмегімен құтқарылды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Әйел адамның қоңырауы дер кезінде түскен

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару қызметіне әйел адам хабарласып, белгісіз ер адамның Жайықты жүзіп өтпек болып жатқаны туралы мәлімет берген.

Ақпарат бойынша, ер адамның әрекеті оның өміріне нақты қауіп төндіруі мүмкін болған.

Құтқарушылар келгенде азамат судан шығудан бас тартқан

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар ер адамды қайыққа мінуге көндіре алмаған.
Азамат құтқарушылардың әрекетіне қарсылық білдіріп, судан шығудан бас тартқан.

Сабасына түсіп, өміріне қауіп төндірмеді

Құтқарушылар азаматпен түсіндіру жүргізіп, оның сабасына түсуіне ықпал етті. Нәтижесінде ер адам өз өміріне қауіп төндірмей, су бетіне шығарылды.

Әкімшілік хаттама толтырылды

Құтқару операциясы сәтті аяқталған соң, ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің тиісті бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оның нақты қай бабы бойынша жауапқа тартылғаны әзірге нақтыланбады.

ТЖМ судағы қауіпсіздікке шақырады

«Судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз», – деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары