Қырғызстан Шыңғыс Айтматов жайлы алғаш рет көркем фильм түсірмек
Ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы үлкен экранға шығады

Қырғызстандық жас режиссер Қаныбек Калматов Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған толықметражды көркем фильм түсірілетінін ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Калматов Шыңғыз Айтматовтың өмірбаянын экранизациялауға эксклюзив түрде құқық алған. Бұл келісім жазушының ұлы Эльдар Айтматовпен ресми түрде рәсімделген және ол фильмді дайындаудағы заңдық әрі моральдық маңызды кезең.
Жаңа картина биографиялық драма жанрындағы толықметражды фильм болмақ. Сценарий Айтматовтың балалық шағынан бастап, оның әлемдік деңгейде танылған тұлғаға айналған кезеңіне дейінгі шынайы өмір оқиғаларына негізделеді.
Фильмнің басты желісі жазушының өз ойын еркін айту, ұлттық болмысты сақтау және идея үшін күресі болады.
«Бұл – халық жадында қалатын кино болуға тиіс», – деп атап өтті Қаныбек Калматов.
Фильмнің премьерасы 2026 жылға жоспарланған.