Оқиға Кеген ауданы аумағында болды
Алматы облысының ТЖД 112 басқару пультіне 2023 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Кеген ауданы аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк – «Көлсай көлдері» таулы аймағында болды.
Іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымынан механикаландырылған патруль жөнелтілді.
Жедел іздестіру жұмысының нәтижесінде бала табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді, ата-анасына аман-есен тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді: