05.08.2025, 12:53
Жаңалықтар
Пойызға кешіккен жолаушы билеттің ақшасын қалай қайтарып ала алады
Уақыттан жаңылған жолаушыларға ескерту
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері жолаушыларға пойызға кешіккен жағдайда билетті бірден тастамау туралы кеңес берді. Себебі жолаушы билеттің бір бөлігін қайтарып ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайтару үшін – 1 сағат ішінде вокзалға бару қажет
Компания мәліметінше, егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билеттің құнын ішінара қайтару үшін:
- Поезд жөнелтілген уақыттан кейінгі 1 сағат ішінде вокзалдағы кассаға баруы керек;
- Кассирге жағдайды түсіндіріп, жеке куәлік пен билетті көрсетуі тиіс.
Бос орын болса – келесі пойызға ауыстыру мүмкіндігі бар
Кассир бос орындар болған жағдайда, жолаушыға келесі пойызға ауысуға да мүмкіндік ұсына алады.
Қосымша ақпарат қайдан алуға болады?
Жолаушылар толық ақпаратты 1433 қысқа нөмірі арқылы ала алады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген