Тоқаев БҰҰ конференциясы өтетін спорт кешеніне барды

Автор: Асыл Арман

Тоқаевты Түрікменстан президенті мен БҰҰ бас хатшысы қарсы алды

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясы өтетін «Аваза» спорт кешеніне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.