05.08.2025, 04:28
Жаңалықтар
Шпаргалка қолданып, телефонмен кірмек болды: магистратураға тапсырған 100-ге жуық адамның тесті жойылды
Магистратураға 39 мыңнан астам үміткер тест тапсырды
Фото: testcenter.kz
Қазақстанда 21 шілде күні басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 39 мыңнан астам талапкер қатысты. Жалпы 51 мыңнан астам өтініш қабылданған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шекті балл жинағандар көрсеткіші
- Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша тест тапсырғандардың 52%-ы шекті балл жинады.
- Бейінді бағыт бойынша бұл көрсеткіш 21%-ды құрады.
Орташа балл:
- Ғылыми-педагогикалық бағыт – 78 балл;
- Бейінді бағыт – 23 балл.
Ең жоғары нәтиже – 139 балл.
Тәртіп бұзушылар анықталды
Тестілеу барысында 99 талапкердің нәтижесі жойылды:
- 67 адам тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка және т.б.) алып өтуге тырысқан;
- 31 адам тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды;
- 1 бөгде адамның тестілеуге кірмек болғаны анықталды.
Апелляция беру тәртібі
Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беруге болады:
- Апелляцияға тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш беру қажет;
- Шағым 7 жұмыс күні ішінде қаралады;
- Сертификат апелляция шешімінен кейін жеке кабинетте қолжетімді болады.
Шекті балл талаптары
- Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – кемінде 75 балл;
- Бейінді бағыт бойынша – кемінде 30 балл.
13 мыңнан астам грант бөлінді
Биыл магистратураға оқуға 13 мыңнан астам білім беру гранты қарастырылған. Кешенді тестілеу 7 тамызға дейін жалғасады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
06.11.2025, 09:09
Қарағандыда 16 жастағы бозбала дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды
06.11.2025, 14:47
«Артық салмақпен ырсылдап, түске дейін ұйықтап...»: Жұлдыз Әбдікәрімова қандай ана екенін айтты
06.11.2025, 11:59
Маңғыстау облысында қой бағып жүрген шопанның мотоциклін полицейлер алып кетті (ВИДЕО)
06.11.2025, 14:23
Қазақстанда әншілер енді фонограммамен концерт өткізе алмайтын болды