Іздестіру-құтқару жұмысына жүздеген маман тартылды
11 тәулік бойы жалғасып жатқан тікұшақты іздестіру-құтқару операциясына 330-дан астам жеке құрам, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық топтар жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге:
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің жоғары білікті мамандары кірді.
Іздестіру жұмыстары:
Әуе арқылы қиын өтетін аумақтарға шолу жасалып, жағалау мен көл акваториясы түгел тексерілуде.
Ғылыми және техникалық ұйымдар арнайы жабдықтармен су асты және жер үстіндегі іздеу жұмыстарына тартылған.
Комиссия мынадай факторларды зерделеп жатыр:
«Іздестіру жұмысы тікұшақ экипажының тағдыры анықталып, қайғылы жағдайға не себеп болғаны толық зерттелгенге дейін жалғасады», – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.