Бас прокуратура заңсыз иеленілген активтерді мемлекетке қайтару жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді
Қостанай облысында жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында маңызды әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, Қостанай облысының Фёдоров ауданына қарасты Лесное және Берёзовка ауылдарында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 24 шақырымдық су құбыры салынып жатыр. Бұл жоба аталған ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмысын «Қостанайсельхозводопроводстрой» ЖШС жүргізуде. Жобаны 2025 жылғы қазан айына дейін аяқтау жоспарланған.