Тамыз айының алғашқы аптасы жаңбырлы болады – ауа райы болжамы
Синоптиктер болжамы белгілі болды

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны жылжып, соған байланысты найзағайлы жаңбыр, екпінді жел күтіледі.
6 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, 7 тамызда республиканың солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал.
«Елдің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және батыста шаңды дауылмен қатар жүруі мүмкін.
Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі ауа температурасы +2…+13°С-тан +5…+18°С-қа дейін, күндізгі температура +15…+25°С-тан +18…+30°С-қа дейін жоғарылайды», – делінген синоптиктер болжамында.