03.08.2025, 07:52
Жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей арасындағы «Сырым» өткізу пункті жабылады
4 тамыздан бастап «Сырым» өткізу пункті қайта жаңғыртылады: шектеулер, баламалы бағыттар және жүргізушілерге арналған маңызды ақпарат
Фото: depositphotos.com
2025 жылдың 4 тамызынан бастап Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу пунктінде қайта жаңғырту және құрылыс жұмысы басталады. Жөндеу шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Енгізілетін шектеулер
Құрылыс жұмысына байланысты келесі шектеулер енгізіледі:
- Жеңіл автокөліктердің өтуі уақытша тоқтатылады;
- Қоғамдық көлікке шекарадан өтуге 2025 жылғы 31 тамызға дейін рұқсат етіледі;
- Жүк көліктері мемлекеттік шекараны электронды кезек жүйесі арқылы өтеді (тәулігіне 500 көлік құралына дейін).
Баламалы өткізу пункттері
Сапар жоспарлаған жүргізушілерге келесі өткізу бекеттерін пайдалану ұсынылады:
- «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ)
- Екіжақты пункт
- Тек Қазақстан мен Ресей азаматтарына арналған
- Орналасуы: KZ07-01 Орал – РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті), жолдың 33 шақырымы
- «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ)
Халықаралық өткізу пункті
- Орналасуы: KZ07-04 Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті), жолдың 144 шақырымы
- «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ)
- Халықаралық өткізу пункті
- Орналасуы: KZ07-06 Орал – Тасқала – РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті), жолдың 104 шақырымы
Жүргізушілерге ескерту
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы барлық жүргізушіден өз сапарларын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ баламалы өткізу бекеттеріндегі көлік ағымының артуы мүмкіндігін ескеруді сұрайды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
04.11.2025, 21:50
«Ешкімге сенбеңіздер»: Тұрсынбек Қабатов халыққа видео үндеу жасады
04.11.2025, 13:08
Жыл сайын 75 мың аборт жасалады: мемлекет әйелдерге арналған «мүшеқапқа» 314 млн теңге бөлді
04.11.2025, 22:36
Мөлдір Мұқановаға 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
04.11.2025, 09:52
Атырау әкімдігі жергілікті тұрғынның үйін заңсыз салды деп бұзып тастамақ болды: оған сот араша түсті
04.11.2025, 06:06
Қазақ эстрадасының жұлдызы екінші баласын дүниеге әкелді