$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Маска киіп, түрін өзгерткен»: ер адам үш жыл бұрын сатылған көлігін ұрлады деген күдікке ілінді

Бұл туралы ҚР ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұрлық – бұрынғы иесінің ісі болып шықты

ІІМ ақпараттық медиа порталының мәліметінше, Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері мұқият жоспарланған Lexus маркалы жол талғамайтын көліктің ұрлығын ашты.

Жедел әрекет пен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталған.

«Белгілі болғандай, 1982 жылы туған ер адам аталған көлігін бірнеше жыл бұрын сатқанымен, қосалқы кілтін өзінде сақтап қалған. Үш жылдан кейін, жеке пайда табу мақсатында, көліктің тұрған орнын бақылап, сақталған кілт арқылы автокөлікті айдап кеткен», – делінген ІІМ хабарламасында.

Күдікті бұл әрекетін алдын ала жоспарлаған: ол бейнебақылау камераларына түспеу үшін маска мен қосалқы киім алып, сыртқы келбетін өзгерткен.

Көлік қаланың шетінде табылды

Күдікті ұрланған автокөлікті қаланың шетіне жасырып қойған. Полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру шаралары барысында көлік сол жерден табылды.

«Қылмыс қаншалықты мұқият жоспарланса да, жауапкершілік міндетті түрде болады. Заң бұзған әрбір адам әділ жазаға тартылатынын білуі тиіс. Бұл – біз ұстанатын жазаның бұлтартпау қағидаты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме беруде. Көлік тәркіленді», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #ұрлық