Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады
2 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауылды жел соғып, найзағай ойнайды, күн күркіреп, +43°-қа дейін ыстық болады, шаңды дауыл соғады. Өңірлердің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.
Ақмола облысында солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, жел 15-18 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте найзағай ойнайды, күндіз шығыста найзағай ойнап, дауыл соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда түнде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысында солтүстік пен оңтүстікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, дауыл соғады, бұршақ жауады. Түнде және күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте жоғары, оңтүстікте және орталықта төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда кей уақытта найзағай ойнайды.
Ұлытау облысында солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысында жаңбыр, бұршақ жауады, батыста және солтүстікте дауыл соғады. Түнде және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с. Батыс пен шығыста жоғары өрт қаупі бар. Павлодарда найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Шығыста, батыста және орталықта өте жоғары өрт қаупі бар. Өскеменде күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с.
Абай облысында солтүстікте және оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады, түнде және күндіз найзағай ойнайды Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өрт қаупі жоғары. Семейде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысында солтүстікте, оңтүстікте және тауларда найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі бар. Алматыда найзағай ойнап, 18 м/с жел соғады, өте жоғары өрт қаупі бар. Қонаевта найзағай ойнап, 18-23 м/с жел тұрады, өрт қаупі бар.
Жетісу облысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, тауларда дауыл соғады, шығыста және орталықта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда найзағай ойнайды.
Жамбыл облысында күн күркіреп, оңтүстікте және тауларда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте, батыста және шығыста өте жоғары өрт қаупі бар. Таразда түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с.
Түркістан облысында 38-43° ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі бар. Тауларда найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Шымкентте түнде найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі бар. Түркістан қаласында өте жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында орталықта найзағай ойнайды. Оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі бар. Қызылордада төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде батыста найзағай ойнайды. Күндіз 35-38° ыстық болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Атырауда 35-36° ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысында батыста және солтүстікте найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз оңтүстікте 35° ыстық болады. Батыста өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысында батыста, оңтүстікте және орталықта шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 38-40° ыстық. Солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі бар.