Алматыға Таиландтан пошта арқылы есірткі жеткізбек болған адам 16 жылға сотталды
Есірткі Таиланд Корольдігінен «Cheddar» ірімшігі түрінде жеткізілген

Алматыда ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізбек және сатпақ болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу және сот процесі барысында оның есірткі және психотроптық заттарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізіп, оларды халықаралық пошталық сәлемдеме ішінде жасырғаны анықталды. Тыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен «Cheddar» ірімшігі түрінде жеткізілген. Алушы сәлемдеме ішіндегі заттарды үшінші тұлғаларға беруді жоспарлаған.
«Құқық қорғау және кеден органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық әрекет сату сатысына жетпей тұрып әшкереленді.
Мемлекеттік айыптаушы ауыр жаза тағайындаудың қажеттілігін негіздеп, сот бұл уәжбен келісіп, сотталушыны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген прокуратура хабарламасында.