«Балағаттап, айқай салды»: Мөлдір Әуелбекова «ез» еркектерге шүйлікті
Ол қыз балаға көмектесудің орнына жүргізуші асықтырғанын айтып, қынжылды

Әнші Мөлдір Әуелбекова көлігіне жүк тиеп жатқанда дөрекі сөздер айтқан ер адамға қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер иесі өз парақшасында ер азаматтардың қыз-келіншектерге деген құрметі азайып бара жатқанын айтып, өкінішін білдірді.
Ол көлігінің жүксалғышына ауыр сөмкелерін салып жатқанда, артқы көліктің жүргізушісі сигнал беріп, терезеден айқайлап, балағат сөздер айтқанын жеткізді.
«Еркектің ішіндегі ездерге арналады. Көлігімді кеберістің алдына әкеліп, ауыр чемодандарды багажға салып жатсам, артынан көлік келіп, қайта-қайта сигнал беріп, терезесін ашып, «кетсеңші» деп, боқ ауыз сөздермен айқай салды. Еркек аталуыңнан айналдым. Қыз баласы затын багажға сала алмай тұрғанда, оны боқтап айқайлаудың орнына, шығып көмектесе салсаң, нең кетер еді? Ездер – ер болуды үйреніңдерші, өтініш», – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Әншінің жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік Мөлдірдің пікірін қолдап, қоғамдық ортадағы мәдениет пен сыпайы болу маңызды екенін жазған.