16.06.2020, 18:09
Жаңалықтар
Қырғыз нөмірлі көліктер Қазақстанда заңдастырылмайды
Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлім етті
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, Қырғыз Республикасы мен Армения Республикасынан келген көліктер екі түрлі санатқа жатады. Бірін Үкімет қаулысына сай, заңдастыруға болады, ал, бірін тіркеу мүмкін емес.
«Үкімет қаулысы Қазақстанда тіркеуге болатын көліктердің категориясын анық көрсетіп берді. Сол қаулыға сәйкес, Қырғыз Республикасынан келген көліктер Қазақстанда тіркеуге жатпайды», - деп түсіндірді Түсіпов.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 маусымнан бері Қазақстанда Армения Республикасынан келген 2 мыңнан аса көлік тіркелген.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты