Ол бастауыш сыныптан бастап жыныстық сауаттылық пәнін енгізу керек деп санайды
Белгілі құқық қорғаушы Үсен Сүлеймен бастауыш сыныптан бастап жыныстық сауаттылық пәнін енгізу керегін айтты. Өйткені, оның айтуынша, Қазақстан халқының 2-10 пайызы - ЛГБТ мүшелері, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Балаларға жыныстық сауаттылықты 1-сыныптан бастап үйрету керек. Олардың миына сол кезеңнен бастап құя беру керек. Себебі олар жан-жағын танып, бәрін білгісі келіп тұратын жаста. Бұл-менің жеке ойым»,- дейді ол.
Сарапшы ЛГБТ мүшелері халықтың қанша пайызын құрайтынын айтты.
«Еліміздегі 100 пайыз халықтың 70 пайызы мұсылман, ЛГБТ мүшелері жалпы халықтың 2-10 пайызын құрайды. Оның статистикасын нақты айту қиын. Себебі көп жағдайда жасырын жүреді»,- дейді Үсен Сүлеймен.
Айта кетейік, бүгін Өркендеуге жәрдемдесудің ұлттық қоры ЛГБТ насихаты кәмелетке толмағандарға қандай әсер ететіні туралы зерттеуін жариялады. Сауалнамаға қатысқан 10 адамның 7-і жас ұрпақ үшін ЛГБТ насихатының қауіпті көреді. Бұл ретте әрбір төртінші адам қауіп жоғары деп ойлайды.