Қауіпсіздік мақсатында 80 332 адам эвакуацияланды
Бейжіңде соңғы тәуліктерде жауған қатты нөсер салдарынан кемінде 30 адам қаза тапты, деп мәлім етті қалалық су тасқынына қарсы күрес штабы. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Синьхуа» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың бәрі қаланың солтүстік таулы аймақтарында тіркелген.
Қауіпсіздік мақсатында 80 332 адам эвакуацияланды. Жергілікті биліктің мәліметінше, ең көп жауын-шашын Миюнь ауданында жауып, мөлшері 543,4 мм-ге жеткен.
Соңғы күндері Миюнь мен басқа да аудандарда жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен туындаған экстремалды конвективті құбылыстар байқалды.
Дүйсенбі күні сағат 20:00-де Бейжің қаласының су тасқынына қарсы штабы ең жоғарғы деңгейдегі төтенше әрекет ету режимін енгізді.