$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайбергеннің әні алғаш рет Мексиканың радиосында шырқалды

«Love’s Not Over Yet» әні бүкіл Мексика бойынша ресми ротацияға енді

Димаш Құдайбергеннің әні алғаш рет Мексиканың радиосында шырқалды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» атты туындысы алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радиобрендтердің бірі Radio Disney-дің Мексикадағы барлық радиостанциясында эфирге шыға бастады. Отандық орындаушы үшін бұл кезекті халықаралық жетістік, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл бастамаға2023 жылы Будапештте өткен Димаштың концертінен шабыт алған жанкүйер түрткі болған екен. Ол Димаштың дауысын Radio Disney толқынынан естуді армандаған. Арманы көп ұзамай шындыққа айналды: әнші жанкүйерлерінің бастамасымен 30-дан астам елдегі Dears фан-қоғамдастығы қолдаған халықаралық кампанияға ұласты.

X платформасында (бұрынғы Twitter) басталған #DimashRadioDisney хэштегі 2024 жылдың қыркүйегінде әлемдік трендке айналды. Бұл Мексикадағы Radio Disney радиостанцияларының жүргізушілері мен продюсерлерінің назарын аударды.

Пачука қаласындағы Disney радиосының жүргізушісі Бриссия және продюсер Эдуардо тыңдармандар тілегін қолдап, Димаш Құдайбергеннің әнін эфирге қосу туралы шешім қабылдады. Олардың қолдауымен ән ресми ротация тізіміне енген.

Radio Disney Мексика мәлімдемесінде бұл бастама көрші елдердің азаматтарына да шабыт беретінін айтқан.

«Біз Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын сүйетін Dears Mexico фан-клубының бастамасын мақтан тұтамыз. «Love’s Not Over Yet» әні бүгінде Мексиканың барлық Disney радиоларында шырқалуда. Бұл бастама Аргентина, Уругвай, Перу секілді елдердегі жанкүйерлерге де шабыт береді деп сенеміз», – делінген хабарламада.

 

 

Серіктес жаңалықтары