$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бақтиер Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамо» клубына ауысты

Ол Түркияның «Бешікташ» командасынан ауысты

Бақтиер Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамо» клубына ауысты
Фото: Instagram/bateka_11

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бақтиер Зайнутдинов енді ресми түрде Ресей Премьер-Лигасының (РПЛ) «Динамо» (Мәскеу) клубында өнер көрсетеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Трансфер құны – 2,8 миллион еуро

Футболшы Түркияның әйгілі «Бешікташ» клубынан ауысты. Transfermarkt порталының мәліметінше, «Динамо» оның трансфері үшін 2,8 миллион еуро төлеген.

Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені

«Динамо» клубы Instagram парақшасында арнайы бейнеролик жариялап, онда Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген екендігіне назар аударған.

Түркиядағы жетістіктері мен РПЛ-дағы тәжірибесі

2023/2024 маусымында Зайнутдинов «Бешікташ» сапында Түркия кубогын жеңіп алған.

Бұған дейін ол Ресей Премьер-лигасында «Ростов», ЦСКА (Мәскеу) клубтарында ойнаған.

Қазақстанда ойнаған командалары

  •  «Тараз»;
  • «Астана».
Серіктес жаңалықтары