$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2020, 14:14
Жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

30 үміткерден 19 адам іріктелді

Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

Алматыда Іле Алатау ұлттық паркіндегі экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрамына туристік ұйым, бизнес өкілдері, ғалымдар, спортшылар, экобелсенділер мен қоғам қайраткерлері енді.Отырысты Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ашты. 

«Екі апта ішінде экобелсенділермен, қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездестім. Мен бәрін осы кеңес құрамына кіруге шақырған едім. Бүгінде 30 үміткердің ішінен түрлі саладан 19 адам жалпы дауыспен іріктелді», - деді Ерлан Нысанбаев.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ұлттық парктерде экотуризмді дамыту үрдіске енген. Іле Алатауы ұлттық паркіне де бұл жат емес. Сондықтан оны дамытуда америкалық даму моделі таңдалды. Бұл дегеніміз - туристік аяқжолдар мен маршруттар салу.

«Біз бас жоспар әзірледік. Негізінен сапарлау орталықтарын құру көзделуде. 7 глэмпинг, кемпинг, этноауыл, автокеруен орны жоспарланып отыр. Біз негізінен күрделі іргетас салынбайтын нысандарға басымдық бермекпіз. Жұртшылық ұлттық парк экотуризмін дамытуға қатысуға құқылы. Біз бүгін осы жерде бас қосып, ұлттық паркте экотуризмді дамыту мәселесін талқыламақпыз. Мұндай кеңестер басқа да парктердің жанынан құрылады. Бірақ экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес бөлек болуы керек», - деді Нысанбаев.

Қатысушылар типтік ереже жобасы мен қатысушылар тізімін тақылады. Конференцияға қатысушылар кеңес құрамынан мемлекеттік орган өкілдерін алып тастауды ұсынды. Ұсыныстардың барлығы қабылданды.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінде экологиялық туризмді дамыту бойынша құрылған Қоғамдық кеңестің құрамы: 

1. Абильшаиков Нариман – Алматы қ. "Атамекен" ҰКП директоры;

2. Алибеков Бейбит – қоғам қайраткері;

3. Әбікенұлы Серік – қоғам қайраткері, «Жетісу» телеарнасының директоры;

4. Бұқарбай Бақытжан – қоғам қайраткері; 

5. Байедилов Конысбек – Алматы қ. Экология департаментінің басшысы; 

6. Валиев Казбек – Альпинизм және тауға шығу федерациясының бас хатшысы; 

7. Кашкинбеков Арман - БҰҰ Даму бағдарламасының жетекшісі;

8. Шаяхметов Асет – Алматы облысының "Атамекен" ҰКП директоры;

9. Жумаев Максут – альпинист, Қазақстан Республикасы альпинистер құрамасының капитаны; 

10. Исанова Асель – КОВШ жастар мекемесінің қызметкері; 

11. Казыханов Едиль – техникалық ғылымдардың докторы;

12. Кожалиева Тогжан - қоғам қайраткері; 

13. Малгельдиев Дамир – Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық парктінің бас директоры; 

14. Нысанбаев Ерлан – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;

15. Рахимжанов Алимжан –  «Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты» ЖШС директоры;

16. Сальников Виталий – ҚазҰУ География және табиғи ресурстар факультетінің деканы; 

17. Спицын Сергей - эко-белсенді, кәсіпкер; 

18. Чащин Герман – «Eco Fund Tabigat» қорының төрағасы;

19. Шапагатова Баян – Кэмпинг және караваннинг одағының президенті.

Серіктес жаңалықтары