$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 50-ден астам онлайн казино шоты бұғатталды

Онлайн-казиноларға қарсы күрес күшейіп жатыр, Бас прокуратура мәжіліс өтті

Қазақстанда 50-ден астам онлайн казино шоты бұғатталды
Фото: istockphoto.com

Бас прокуратурада заңсыз онлайн-казинолар мен құмар ойындарға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті. Оған Ұлттық банк, Туризм және спорт министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Интернеттегі құмар ойындар – ұлттық қауіпсіздікке қатер

Жиын барысында интернетте кеңінен таралған заңсыз құмар ойындардан туындап отырған өзекті қауіптер талқыланды. Сондай-ақ, қаржылық ағындарды бақылау және заңсыз ойын қызметіне тосқауыл қою жолдары қарастырылды.

Қатысушылар бірлесіп, қадағалауды күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру бойынша тиімді тәсілдер әзірледі.

Нақты нәтижелер мен алда атқарылатын шаралар

  • Онлайн-казиноларға ақша аудару үшін пайдаланылған 50-ден астам банк шоты анықталып, бұғатталды;
  • Заңсыз ойын бизнесі фактілері 22,2%-ға төмендеді (45-тен 32-ге дейін);
  • Тыйым салынған интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жұмыстары жалғасуда.

Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға цифрлық бақылау, қаржылық мониторинг пен тосқауыл қою бағытында қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Заңсыз ойын бизнесі үшін – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар

Бас прокуратура ескертеді:

ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін:

  • мүлік тәркіленеді;
  • жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Серіктес жаңалықтары