28.07.2025, 09:36
Жаңалықтар
Банк шотын басқа біреуге берген адам – қылмыскер: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Бұл дропперліктің бір белгісі болып саналады
Ішкі істер министрлігі қылмыстық заңнамаға енгізілген маңызды өзгерістерге байланысты азаматтарды сақ болуға шақырды. Жаңа ереже жеке деректерді қорғау мен қаржы қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Банк картасын «қолдануға беру» енді – қылмыс
ҚР Қылмыстық кодексіне жаңадан енгізілген 232-1-бапқа сәйкес, енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:
- Өзінің банктік деректемелерін (карта, шот және т.б.) үшінші тұлғаларға бергендерге;
- Материалдық сыйақы немесе басқа да пайда алу үшін басқа адамның атынан ақша аударып бергендерге;
- Қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға көмек көрсеткендерге.
Неліктен бұл қауіпті?
Көптеген алаяқтар азаматтарды алдап, олардың банк карталарын немесе шоттарын өз қылмыстық әрекеттеріне пайдаланады. Зардап шеккендер өздерінің қылмыстық әрекетке қатысы бар екенін түсінбей қалады.
Бұл – жай ғана дерек емес. Бұл – сіздің мүлкіңіз, қауіпсіздігіңіз және заң алдындағы жауапкершілігіңіз.
ІІМ азаматтарға не ұсынады?
- Банктік деректеріңізді ешқашан бөгде адамдарға бермеңіз;
- Картаңызды немесе шотыңызды біреуге пайдалану үшін беріп, «оңай ақша табуға» келіспеңіз;
- Күдік туындаса – дереу банкіңізге немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
12.09.2025, 09:36
«Әр өңірден Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан»: Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды
12.09.2025, 10:55
«Бөтелкеге си»: Астанада жігітімен бірге кино көруге барған бойжеткен ыңғайсыз жағдайға тап болған
12.09.2025, 15:19
Әкесін ұрып өлтірген: Түркістан облысында ұлы мен келіні қанша жылға сотталуы мүмкін
12.09.2025, 13:45
«Әскери бұйымдарға қатысты құжатқа қол қоймаған»: 26 жасында кісі қолынан қаза болған капитанның әкесі өз шындығын айтты
12.09.2025, 12:48
Таразда қылшылдаған жас жігіт анасын зорлап тастады деген күдікке ілінді