Бортта 173 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған
АҚШ-тың Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда American Airlines әуе компаниясының Boeing 737 MAX 8 ұшағы өртеніп кетті. Бортта 173 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CBS News басылымдарына сілтеме жасап.
CBS News арнасының мәліметінше, оқиға Майами қаласына бағыт алған рейс ұшуға дайындалып жатқан сәтте болған. Алдын ала болжам бойынша, өрт шассидегі техникалық ақауға байланысты тұтанған.
«Ұшақ жер үстінде қозғала бастағанда шассиден түтін шығып, кейіннен жалын тұтанған. Экипаж дереу эвакуация ұйымдастырды», – деп хабарлайды CBS.
Жарақат алғандардың жағдайы ауыр емес екені хабарланды.
Оқиға салдарынан әуежайда уақытша дүрлікпе жағдай орын алған. Төтенше жағдайлар қызметі мен авиациялық қауіпсіздік мамандары өрттің нақты себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.