Контрабандалық әрекет «Навои» бекетінде әшкере болды
Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы «Навои» кеден бекетінде төрт азамат iPhone маркалы 180 ұялы телефонды заңсыз алып өтпек болған кезде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Өзбекстанның Ташкент облыстық кеден басқармасына сілтеме жасап.
Кедендік бақылау кезінде жолаушылардың беліне, киім астына және қол сөмкелеріне жасырылған iPhone смартфондары табылған.
«Контрабандалық әрекет кеден қызметінің жеке қауіпсіздік және заңсыз айналыммен күрес бөлімдері жүргізген жедел шара барысында анықталды», – делінген ресми хабарламада.
Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Кінәлі азаматтарға қатысты нақты шешім тергеу нәтижесінде белгілі болмақ.