Еліміздің жеті қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
27 шілдеде Қазақстанның солтүстік және шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республиканың оңтүстігінде, батысында және шығысында +30-дан +42 градусқа дейін қатты аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 7-12, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +26...+28.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +24...+26, күндіз +37...+39.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 7–12, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +23...+25.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +40...+42.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +40...+42.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +35...+37.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +36...+38.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +23...+25.
Павлодарда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +32...+34.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде 7-12 м/с, күндіз 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +29...+31.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +25...+27.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +36...+38.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +36...+38.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түс ауа шаңды дауыл. Батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 17 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +33...+35.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +21...+23.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +25...+27.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +30...+32.
Қостанайда бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +18...+20.