Ақтөбе мешітіндегі оқиғадан кейін ер адам полицияға жеткізілді (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Ақтөбеде мешітінде келушіге тиіскен ер адам жауапкершілікке тартылды

Фото: pixabay

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінен шығатын жерде келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз сөздер айтқан ер адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 шілде күні болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

«Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

«Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді полицейлер.

Материал сотқа жіберіледі.