26.07.2025, 18:35
Жаңалықтар
Жетісу облысында таулы аймақта өрт шықты
Оны сөндіруге құтқарушылар тікұшақ жұмылдырды
Фото: © istockphoto.com
Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Қоқмойын шатқалында ірі далалық өрт шықты. деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ ресми мәліметіне сілтеме жасап.
Өрт таулы аймақта басталып, құрғақ шөптің жануынан қарқын алып, кең аумақты шарпыған.
Тікұшақ пен 90-нан аса маман тартылды
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды:
- 90 құтқарушы жұмыс істеуде,
- 10 арнайы техника мен өрт сөндіру көліктері тартылды,
- Әуеден МИ-8 тікұшағы көмегімен су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мамандар өртті оқшаулап, жоюға бар күшін салып жатыр», – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Таулы рельеф өрт сөндіруді қиындатып отыр
Қоқмойын шатқалы таулы, еңіс жерлерде орналасқан, бұл техника мен құтқарушылардың қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіруде. Өрт сөндірушілерге қиын жететін учаскелерде жұмыс істеуге тура келіп отыр.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр