Көпшілік ерекше күнде шаңырақ көтеруді таңдады
Қазақстанда 2025 жылдың 25 шілдесінде, ел бойынша 1465 жұп АХАЖ органдарына некеге тұру туралы өтініш берді, деп хабарлайды Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Centralmedia24-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, Алматы қаласында 257 жұп, Астанада 225, ал Қарағанды облысында 144 неке қиюға өтініш берген.
Айта кетейік, дәл осы символикалық күні 218 адам отбасын бұзуға шешім қабылдаған. Еліміздегі АХАЖ бөлімдеріне 109 ажырасу туралы өтініш түскен.
Ұлттық статистика деректеріне сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанда 123 600 неке тіркелді, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,2%-ға көп.
Ең көп неке Астанада тіркелген, мұнда неке қию коэффициенті – әр 1000 адамға шаққанда 7,34. Сондай-ақ, Алматы облысы (6,98) мен Ұлытау облысы (6,70) да неке саны бойынша алдыңғы қатарда.