Күдікті Шымкентке жеткізілді
Мысырда халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша ұсталып, криминалдық полиция қызметкерлері арқылы Шымкентке жеткізілді.
Көлік алаяқтығы: 1,5 млрд теңге шығын келген
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2023 жылы күдікті бір топ адаммен сөз байласып, өзгенің атына автокөлікті несиеге рәсімдеген. Кейін ол көліктер үшінші тұлғаларға қайта сатылған.
Бұл алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтар полицияға 105 өтініш қалдырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллиард теңгеден асқан.
Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды
Күдіктіге қатысты келесі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды:
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.