$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Карағанды тұрғыны үйіне балкон орнатамын деп 2,6 млн теңгесінен айырылды

Онлайн тапсырыс берген қызмет нәтижесіз аяқталды

Карағанды тұрғыны үйіне балкон орнатамын деп 2,6 млн теңгесінен айырылды
Фото: istockphoto.com

Карағанды қаласының 41 жастағы тұрғыны балкон орнатуға 2,6 млн теңге төлеп, бірақ қызметті ала алмай қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төлем жасалды, бірақ жұмыс орындалған жоқ

Министрлік мәліметінше, жәбірленуші балкон орнату қызметіне онлайн қосымша арқылы тапсырыс берген, мердігермен мерзім мен шарттарды алдын ала келіскен. Алайда уақыт өте келе уәде етілген жұмыс орындалмаған.

«Алғашында мердігер ауа райының қолайсыздығын сылтауратып, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған», – делінген ІІМ хабарламасында.

Полиция арызды қабылдап, тергеу басталды

Нәтиже болмаған соң азамат полицияға арызданған. Келтірілген залал 2,6 миллион теңгеге бағаланды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 39 жастағы Карағанды тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полицейлер онлайн қызметтерге тапсырыс беруде мұқият болуға шақырады

Құқық қорғау органдары азаматтарға интернет арқылы қызметке тапсырыс берген кезде орындаушының беделі мен шынайылығын алдын ала тексеруге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары