Министр 13 маусымда коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді
Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалады. Оған пневмония диагнозы қойылған деп хабарлады Zakon.kz.
«Елжан Амантайұлы коронавирустық инфекция, пневмония диагнозымен стационарлық ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Емдеу шаралары клиникалық хаттамамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Министр вирусқа қарсы терапияны ойдағыдай өткізуде», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Біртанов ауруханада жатып коронавирус инфекциясына қарсы күрес штабының жұмысын үйлестіріп отыр.