$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үндістанда мектеп шатыры құлап, төрт оқушы қаза тапты

Раджастан штатындағы қайғылы оқиға кезінде ондаған бала сынып ішінде болған

Үндістанда мектеп шатыры құлап, төрт оқушы қаза тапты
Фото: x.com/jaggirm

Үндістанның Раджастан штатында бастауыш мектептің шатыры құлап, төрт оқушы қаза тапты, тағы 17 бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

The Times of India хабарлағандай, мектеп ғимараты ескі болғаны анықталды, ал соңғы күндері өңірде толассыз жауын-шашын жауған. Бұл жағдай шатырдың құлауына себеп болуы мүмкін, деп мәлімдеді жергілікті билік.

Раджастанның білім министрі Мадан Дилавардың айтуынша, төтенше жағдай кезінде сынып ішінде 25-30 бала болған. Қазір құтқару жұмысы жалғасуда, өйткені ғимарат қирандыларының астында әлі де бірнеше адам болуы мүмкін деген қауіп бар.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, 32 оқушы эвакуацияланған, оның сегізі жараланған, ал екі бала ауыр халде ауруханада жатыр.

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталып, мектеп ғимаратының жағдайына жауапты тұлғалардың әрекеті тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары