TikTok-қа тренд түсіремін деп жол ережесін бұзған жастар жауапқа тартылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Абай облысында қыз бала жүріп бара жатқан көліктің капотына шығып, видео түсірген

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бейнеролик таралып, полицияның назарын аудартты. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

TikTok үшін қауіпке барған

Полиция мәліметінше, 27 жастағы қыз бен 31 жастағы ер адам танымал TikTok трендін қайталауға тырысып, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Жол апатына себеп боларлық әрекет кезінде қыз көлік жүргізіп келе жатып, автокөліктің капотына шығып алған.

Олардың бұл әрекеті бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланған.

Жастар заң бойынша жауапқа тартылды

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, екі азамат қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.