$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды

Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты Екатеринбург – Алматы тасжолында болды

Төтенше жағдай таңғы сағат 09:40-та республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тасжолының 451-шақырымында тіркелген.

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысқан.

Төрт адам көз жұмды, екі адам ауруханаға жеткізілді

Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары