Рамзан Қадыров Түркияда теңізге батып кете жаздап, ауруханаға түсті
Шешенстан басшысы Бодрум жағалауында төтенше жағдайға тап болды

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Мугла провинциясындағы танымал демалыс орны Бодрумда теңізге батып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кезінде Қадыров суға түскен бойда аяқ астынан бата бастаған. Жағалау күзетінің қызметкерлері саясаткерді дер кезінде байқап, жағаға шығарып үлгерген. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, оған көмек көрсеткен.
Haberler хабарлағандай, Төтенше жағдайдан кейін Рамзан Қадыров жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаға түскен. Қазір ол дәрігерлер бақылауында, жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Ыстамбұл қаласында Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі өткен болатын. Бұл кездесу бір сағатқа да жетпей аяқталған еді.