Астанада баласының еміне ақша жинаған ерлі-зайыпты 1,3 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Баласының еміне 350 мыңнан астам адам ақша аударған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Астанада баласының еміне деп жиналған қаражатты иемденді деген күдікпен ерлі-зайыптының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Instagram арқылы қайырымдылық жинап, оны жеке мақсатқа жұмсаған

Козачковтың мәліметінше, Даулет және Толқын Тотақановтар ұлы Альтаирге ауыр диагноз қойылғанын айтып, Instagram парақшасы арқылы емге қажетті 50 млн теңге жинаған. Алайда олар жарнама мен ақпараттық насихатты күшейтіп, қаражат жинауды тоқтатпаған.

Нәтижесінде төрт жыл ішінде 350 мыңнан астам адамнан жалпы көлемі 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жиналған.

Емге тек 6 млн теңге жұмсалған, қалғаны – жеке шығын

Журналистің айтуынша, осы соманың тек 6 миллион теңгесі ғана нақты емге жұмсалған. Ал қалған қаржы мынандай мақсаттарға жұмсалған болуы мүмкін:

  • Жылжымайтын мүлік сатып алуға;
  • Автокөлік алуға;
  • Шетелге саяхат жасауға;

Құмар ойындарға.