Тоннель 25 шілдеден 1 қыркүйекке дейін толық жабылады
Астанада А. Бараев көшесіндегі көлік тоннелінде қабырға қаптамалары мен бордюрлерді ауыстыру жұмысы басталады. Осыған байланысты 25 шілдеден 1 қыркүйекке дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорда әкімдігінің Telegram-арнасында хабарланғандай, бұл жұмыс Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жоспарына сай жүзеге асырылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдын ала маршруттарын жоспарлауды сұраймыз. Бұл – қаладағы кептелістердің алдын алу үшін маңызды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», – делінген әкімдіктің хабарламасында.