Елімізде 15 маусым күні COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 383 адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі coronavirus2020.kz порталына сілтеме жасап.
Осылайша Қазақстанда ағзанынан коронавирус табылған науқастар саны 15 192 адамды құрап отыр.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 104 (3,8%)
- Қарағанды облысы - 50 (3,3%)
- Алматы қаласы - 34 (1,1%)
- Павлодар облысы - 34 (9,7%)
- Шымкент қаласы - 25 (2,2)
- Батыс Қазақстан облысы - 24 (2,5%)
- Маңғыстау облысы - 18 (4,7%)
- Атырау облысы - 14 (1,1%)
- Қостанай облысы - 13 (5,9%)
- Алматы облысы - 12 (2,3%)
- Ақмола облысы - 10 (5,1%)
- Түркістан облысы - 10 (2,2%)
- Ақтөбе облысы - 10 (1,9%)
- Жамбыл облысы - 9 (1,8%)
- Қызылорда облысы - 7 (1,4%)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 6 (5,4%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 3 (1,1%)
Жалпы, республикада 9388 адам ауруынан айығып шықса, қайтыс болғандар саны 81 адамға жеткен.