24.07.2025, 14:57
Жаңалықтар
Универсиадада: қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына екі медаль салды
Олар 60 және 66 кг салмақ дәрежесінде белдесті
Фото: Olympic.kz
Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы дзюдодан екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дзюдо сайыстарының алғашқы күнінде финалдық кезеңге екі қазақстандық спортшы жолдама алып, нәтижесінде үшінші орыннан көрінді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңіп шықты.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев украиналық Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды