Ол сүйіктісін экскурсия жасауға шақырған
Көкшетау қаласындағы №1 арнайы өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Никита Афанасьев сүйіктісі Ангелинаға есте қаларлық әрі ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бойжеткенді өрт сөндіру бөліміне экскурсияға шақырып, сол жерден сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады.
Экскурсияның кульминациялық сәтінде бөлімшенің алаңында өрт сөндіру шлангтарымен «Маған тұрмысқа шықшы» деген жазу пайда болды. Бұл әсерлі сәтті әріптестерімен бірге ұйымдастырған Никита сүйіктісін таңғалдырды. Ангелина көз жасына ерік беріп, қуанышпен «иә» деп жауап берді.
Ұсыныстан кейін Никита жеке өміріндегі қуанышты сәтке қарамастан, бірден өз міндетіне оралып, қызметін жалғастырды. Бұл оның кәсіби борышына деген адалдығын көрсетеді.