Түркия азаматтары Қазақстанда енді визасыз 90 күнге дейін бола алады
Ішкі істер министрлігі визасыз режимге қатысты өзгерістер енгізді

Қазақстан Үкіметінің қаулысына енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Түркия азаматтары елімізде визасыз 90 күнге дейін бола алады. Тиісті түзетулерді ҚР Ішкі істер министрлігі қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа ереже не дейді?
Жаңартылған ережеге сәйкес, Түркия азаматтары Қазақстан шекарасынан өткен күннен бастап бір реттік келуде 30 күнге дейін визасыз тұра алады. Бірақ 180 күндік кезең ішінде барлығы 90 күннен аспауы тиіс. Бұған дейін бұл мерзім тек 30 күнмен шектелетін.
Мақсат – инвестиция мен туризмді ынталандыру
Құжатта бұл өзгерістің басты мақсаты ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы тығыз әріптестікті дамыту, елімізде инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, сондай-ақ экономикалық дипломатияны жандандыру екені көрсетілген.