Олар алғаш рет Францияда танысқан
26 жастағы Марьям Тилляева – Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың жиен немересі – екінші рет тұрмысқа шықпақ. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеке жазбасында Марьям:
«Демалыс кезінде сүйіктімнен үйлену туралы ұсыныс алдым. Жауабым – иә», — деп бөлісті.
Марьямның таңдауы ресейлік кәсіпкер Арнольд Казарянға түсті.
«Ол – ақылды, жарқын, еркін әрі шынайы адам. Ақыры жан дүниеммен үйлесетін адамды таптым», – дейді ол.
Жұп алғаш рет Францияның Куршевель курортында танысқан. Марьямның айтуынша, Арнольд бар болғаны үш күн ішінде достары мен туыстарының жүрегін жаулап үлгерген.
Айта кетейік, Марьям бұрын «Дневник Хача» жобасының авторы, блогер Амиран Сардаровпен некеде болған.
Марьям – Лола Каримованың, яғни Ислам Каримовтың кенже қызының қызы. Ол – Өзбекстан элитасындағы танымал есімдердің бірі.