Дағыстанда жол апатынан қазақстандықтар қаза тапты
4 адам оқиға орнында қаза тапқан

Дағыстанның Тарум ауданы аумағында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан. Бұл туралы республиканың басшысы Сергей Меликов өзінің Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның мәліметінше, көліктердің біреуі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.Сергей Меликов нақтылағандай, апат салдарынан барлығы сегіз адам зардап шеккен. Олар – Қазақстан мен Удмуртия тұрғындары, және олардың арасында кәмелетке толмаған балалар бар.
«Төрт адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар оқиға орнында қаза тапты», – деп жазды Меликов.
Зардап шеккендер Кобучей медициналық-санитарлық бөліміне түскен. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін бар күштерін салып жатыр.
«Жағдайы ауыр науқастарды Махачкала қаласына санитарлық тікұшақпен жеткізу жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.
Апаттың мән-жайын анықтау үшін Дағыстан прокуратурасы тексеріс бастағанын растады.