$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда полиция заң бұзғандарды дрон арқылы ұстап жатыр

Павлодарда дрондар мен квадроциклдер 200 құқық бұзушылықты анықтады

Павлодарда полиция заң бұзғандарды дрон арқылы ұстап жатыр
Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық бақылау күшейтілуде. Бұл мақсатта дрондар, квадроциклдер, бақылау камералары мен автоматтандырылған кешендер сынды зияткерлік технологиялар кеңінен қолданылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның айтуынша, бұл құрылғылар мынандай жұмыстарды тиімді атқарып келеді:

  • Қоғамдық тәртіпті сақтау;
  • Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты тіркеу;
  • Вандализм мен ұсақ бұзақылықтың алдын алу;
  • Абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылау;
  • Тәртіп бұзушылар туралы жедел ақпаратты жолдау.

Дрондар ауада, квадроциклдер жерде бақылау жүргізеді

Полиция дрондарды жағалау маңдары мен халық көп шоғырланған демалыс аймақтарында пайдаланып жүр. Ауадан түсірілген бейне арқылы жедел әрекет етуге мүмкіндік туып, күмәнді жағдайлар мен азаматтар жылдам анықталады.

Ал қол жетуі қиын аймақтар мен жағажайларда жердегі патрульдер квадроциклдермен жүреді. Осындай тәсілдер жауап беру уақытын қысқартып, қауіптің алдын алуға жол ашады.

Жағажайлардағы тәртіп бақылауда

Дрондармен жабдықталған ATV-патрульдер күн сайын Орталық жағалау мен Усолка жағажайында тәртіпті қадағалайды. Нәтижесінде мынандай заңбұзушылықтар дер кезінде тоқтатылып жатыр:

  • Қоғамдық орындарда алкоголь ішу;
  • Ұсақ бұзақылық;
  • Көше ұрлығы секілді құқық бұзушылықтар.

Полиция ескерту жасады

Павлодар облысы Полиция департаменті:

«Әрбір азамат өз мәдениетін көрсетіп, өзгелердің құқығын құрметтеп, қоғамдық тыныштықты сақтауға ұмтылуы қажет», – деп атап өтті.

Серіктес жаңалықтары