Димаш Құдайберген Мехикода жеке концертін өткізетін болды
Мексиканың астанасында ауқымды шоу өтеді

Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Латын Америкасында жеке концерт өткізеді. «Stranger» деп аталатын шоу 2025 жылғы 8 қазанда Мексика астанасы Мехикода өтпек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
DimashNews порталының хабарлауынша, концерт Мексиканың ең ірі әрі беделді концерт алаңдарының бірі – Auditorio Nacional сахнасында ұйымдастырылады.
«Auditorio Nacional – Мексиканың ең танымал концерт залдарының бірі. Осы жерде Димаштың жанкүйерлері Қазақстаннан келген талантты әншінің өнерін тамашалай алады», – делінген хабарламада.
Қырғызстан Димашқа «Халық әртісі» атағын берді
Димаш Құдайбергенге Қырғыз Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді. Әнші бұл марапатты үлкен сенім мен жауапкершілік деп қабылдағанын айтты.
«Бұл атақты мен болашақ еңбектеріме берілген сенім авансы деп білемін. Бұл – қырғыз халқының қазақ халқына жасаған үлкен құрметі», – деді Димаш марапаттау сәтінде.
Анасы алғыс айтты
Димаштың анасы Света Айтбаева қырғыз халқына ұлын қолдап, құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.