$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде түрмеде отырған екі адам бейнебақылау жүйесін әдейі бұзғаны үшін қосымша жаза алды

Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Ақтөбеде түрмеде отырған екі адам бейнебақылау жүйесін әдейі бұзғаны үшін қосымша жаза алды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласындағы ҚАЖ мекемесі №8-де жазасын өтеуші екі азамат – адам өлтіргені үшін сотталған Жармұханов А. және тонау мен ұрлық үшін сотталған Жұмашев Р. қасақана түрде бейнебақылау жүйесін және оның құрамдас бөлшектерін істен шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиға 2024 жылдың қарашасында камера ішінде болған. Тергеу деректеріне сәйкес, олар мекемеде белгіленген тәртіпті бұзу мақсатында әдейі әрекет еткен.

Екінші рет қайталанған заңбұзушылық

Ұқсас жағдай 2024 жылдың желтоқсанында тағы да тіркелді. Бұл жолы Жармұханов бейнебақылау камераларын серуендеу ауласында әдейі зақымдаған.

Прокуратура ұстанымы

Аталған фактілер бойынша Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары ҚР Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес («Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін немесе оның құрамдас бөліктерін әдейі жою не зақымдау») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Сот шешімі

2025 жылдың 16 мамырында Ақтөбе қаласының №2 соты үкім шығарды. Екі сотталушы кінәлі деп танылып, бұрынғы жазаларымен қосылып, жалпы мынандай уақытқа бас бостандығынан айырылды:

  • Жармұханов – 7 жыл;
  • Жұмашев – 6 жыл.
Серіктес жаңалықтары