Тамыздағы тестілеуге кімдер қатыса алатыны белгілі болды
Тамыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініштер 25 шілдеден бастап 5 тамызға дейін қабылданады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тестілеуге тіркелу app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
Тамыздағы ҰБТ 10-14 тамыз аралығында өтеді.
Бұл тестілеу шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігін беру үшін өткізіледі.
Тіркелу кезінде талапкерлер таңдай алады:
Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер тамыздағы тестілеуде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.
Тамыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға құқығы бар:
Өз мамандығы бойынша оқуды ақылы негізде жалғастырғысы келетін колледж түлектері ЖОО-ға әңгімелесу нәтижесімен қабылданады.
Бұл қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүргізеді.